02.12.2011, 12:38 3110

Астана қаласында айдап әкеткен мерседес көлігі Ақмола облысынан табылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Мерседес" маркалы автомашинасының жоғалғаны туралы Астана қаласының ІІД-іне 26 жастағы елорда тұрғыны шағым берген. Зардап шегуінің айтуынша, оның машинасын түнде тұрғылықты жеріндегі ауладан айдап әкеткен.

Астана. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласында айдап әкеткен мерседес көлігі Ақмола облысынан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Мерседес" маркалы автомашинасының жоғалғаны туралы Астана қаласының ІІД-іне 26 жастағы елорда тұрғыны шағым берген. Зардап шегуінің айтуынша, оның машинасын түнде тұрғылықты жеріндегі ауладан айдап әкеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Ақмола облысындағы Есіл қаласынан машина ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 22 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Машина иесіне қайтарылды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 185-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Есіл қаласының уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны