27.03.2012, 09:36 3621

Астана қаласындағы көлік жуу орындарының бірінен қымбат көлікті ұрлаған қылмыскер ұсталды

Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін орыннан "Тойота Ленд Крузер" көлігін айдап кеткен.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы көлік жуу орындарының бірінен қымбат көлікті ұрлаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін орыннан "Тойота Ленд Крузер" көлігін айдап кеткен.

Оқиға кеше, 26 наурыз күні таңертеңгі сағат 9 шамасында болды. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына көлік жуатын орыннан "Тойота Ленд Крузер 100" көлігінің ұрланғандығы туралы хабар түсті. Сағат 11 шамасында ұрланған көлік "Қызылжар" стационарлық бекетінде көзге түскен.

Алайда, көліктің жүргізушісі жол полициясы қызметкерлерінің оны тоқтатпақ болған әрекеттерін көзге ілместен, Теміртау қаласына қарай бағыт алған. Ол сондай-ақ, Осакаровка бекетінде де тәртіп сақшыларының тоқтау туралы белгісіне қарамастан, шлагбаумды бұзып өтіп, екі көлікті соғып кетеді. Ақырында күдікті көлік Теміртау қаласының бекетінде тоқтатылады. Оның рөлінде 21 жастағы Тараз қаласының тұрғыны отырды. Кейіннен мәлім болғанындай, ол көлік жуу орнына жұмысқа орналасқанына екі-ақ күн болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны