07.05.2010, 10:15 2896

Астана мен Алматы облысында оқыс оқиғалардың салдарынан екі адам қаза тапты

Астана мен Алматы облысында оқыс оқиғалардың салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Астана мен Алматы облысында оқыс оқиғалардың салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 02.00-де Алматы облысының Сарқанд ауданында 22 жастағы жігіт моторлы қайықпен балық аулап жүріп құлап, Балхаш көліне суға кетті. Оның мәйітін іздестіру жұмыстарын судан құтқару қызметтері жүргізуде.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, 6 мамырда сағат 18.05-те Астанадағы Отырар 2 көшесінде "Найза құрылыс" концерні салып жатқан құрылыста 25 жастағы электрик жігіт электрлік монтаждау жұмыстары кезінде тоққа соғылып, оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны