14.09.2006, 09:55 2555

Астана мен Алматыда болған екі жол апатында үш адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды

АСТАНА. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today. Жуырда Астана мен Алматыда тіркелген екі ірі жол апатынан үш адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат бойынша," Сарыарқа саябағы ауданындағы Победа мен Сейфуллин даңғылының қиылысында сәрсенбі күні таңертең "Мазда-626" мен "ВАЗ-21093" автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Жигули" жүргізушісі және оның екі жолаушысы сол жерде көз жұмды, "Мазданың" екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді".

Ал, Алматыда жуырда кешкісін болған жол апатынан жеті адам зардап шекті. "Рыскулов пен Ахрименко көшелерінің қиылысында үш автокөлік соқтығысты: екі "Мерседес" және "Тойота". Жол апаты салдарынан үш жүргізуші мен төрт жолаушы, араларында алты жасар қыз бар, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны