09.06.2016, 20:57 8889

Астана вокзалындағы оқиғадан пойыздар кестесі өзгермеді

Еске сала кетсек, бүгін сағат 18.00-дер шамасында полицияға Астананыӊ темір жол вокзалында иесіз қораптыӊ жатқандығы жөнінде қоӊырау шалынған. Оқиға орнына полиция, арнайы қызмет пен қаланыӊ жедел қызметініӊ мамандары келіп жеткен

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Астананыӊ темір жол вокзалы қазіргі кезде қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 18.00-дер шамасында полицияға Астананыӊ темір жол вокзалында иесіз қораптыӊ жатқандығы жөнінде қоӊырау шалынған. Оқиға орнына полиция, арнайы қызмет пен қаланыӊ жедел қызметініӊ мамандары келіп жеткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бастапқыда күдікті зат табылған аумақ қоршауға алынған, сондай-ақ куәгерлерден жауап алынып, бейне бақылау камерасындағы жазба тексерілген. Қорап бос болып шықты.

Вокзалдан 450 жолаушы мен 55 қызметкер сыртқа шығарылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны