14.11.2011, 13:45 3450

Астанада 29 жасар жігіт өз көлігінің ішінде өртеніп кетті

13 қараша, жексенбі күні түңгі сағат 3.09 Алматы ауданы, Өндіріс тұрғын алабындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған "Ауди" автокөлігі жанып кеткен.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Астанада 29 жасар жігіт өз көлігінің ішінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қараша, жексенбі күні түңгі сағат 3.09 Алматы ауданы, Өндіріс тұрғын алабындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған "Ауди" автокөлігі жанып кеткен.

Оқиға орнына жеткен ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің он қызметкері мен екі техникасы жалынды 39 минуттың ішінде ауыздықтады. Өртті сөндіру барысында көліктің салонында 1982 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны