30.12.2008, 10:01 1857

Астанада өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астанада өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Астанада өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 07.07-де Астананың Сарыарқа ауданындағы Потанин көшесінде бір қабатты төрт пәтерлі үйде 20 шаршы метр аумақта өрт шықты. Оны сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 11 адамының көмегімен 09 сағат 02 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны