22.09.2009, 10:17 1304

Астанада салынып жатқан 17 қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 50 адам сыртқа шығарылды

Астанада салынып жатқан 17 қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 50 адам сыртқа шығарылды

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада салынып жатқан 17 қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 50 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Пушкин көшесіндегі "Жарқын" тұрғын үй кешенінде, салынып жатқан 17 қабатты тұрғын үйде бүгін сағат 04.31-де екі мен тоғызыншы қабаттың аралығындағы щитте электр кабельдері өртенді, жалын жалпы аумағы 27 шаршы метрді шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 50 адам сыртқа шығарылды.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 8 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 25 адамының күшімен 6 сағат 27 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны