09.04.2010, 09:51 1540

Астанада шағын станциядағы апат салдарынан жеке меншік үйлер секторындағы тұтынушылар жарықсыз қалды

Астанада шағын станциядағы апат салдарынан жеке меншік үйлер секторындағы тұтынушылар жарықсыз қалды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада шағын станциядағы апат салдарынан жеке меншік үйлер секторындағы тұтынушылар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 сәуірде сағат 19.25-те Уәлиханов көшесіндегі трансформаторлы шағын станцияда (ТП-319) апат шықты. Соның салдарынан Лермонтов, Гастелло және Қарағанды көшелеріндегі жеке меншік үйлер секторындағы тұтынушылар жарықсыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюға "Қалалық электр желілері" АҚ-ның апаттық бригадасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны