21.05.2010, 11:50 3164

Астанада табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр - ТЖД

Астанада табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр - ТЖД

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр, ғимараттың шатырын жалын жалмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне сілтеме жасап.

"Табиғи ресурстар басқармасының ғимараты өртеніп жатыр, ол оң жақ жағалауда Достық көшесі 2-үйде орналасқан. Шатырды жалын толық шарпыды, ол 150 шаршы метр аумаққа жайылды", - деп хабарлайды ТЖД қызметкері оқиға орнынан.

"Ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдар сыртқа шығарылды. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. Өрт шоғырландырылды, сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Шатыр толық жанып кетті", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны