14.12.2010, 14:24 2927

Астанада төрт адам көмірқышқыл газымен уланып қалды, олардың екеуі бала

Астанадағы жер үйлердің бірінде төрт адам көмірқышқыл газымен уланып қалды, олардың екеуі бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 14 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанадағы жер үйлердің бірінде төрт адам көмірқышқыл газымен уланып қалды, олардың екеуі бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, оқиға Өндіріс қонысындағы жеке меншік тұрғын үйлердің бірінде 13 желтоқсан күні түскі сағат бір шамасында орын алды. Иіс тиіп уланған 30 жастағы азаматтармен бірге, 5 және 6 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны