17.09.2008, 09:32 1354

Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді

Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйек күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы Жангелдин көшесінде 15 қыркүйекте сағат 17.05-те диаметрі 100 мм-лік су құбырының жарылуы салдарынан "Илем", "Ажар", "Аймақ", "Аймақтау" сауда үйлері; орталық ескі базар мен Қошқарбаев көшесінің тұрғындары су қамтамасыздығынан қағылды.

Су жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚКК-ның 10 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны