15.12.2011, 10:11 3188

Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы 6-қабаттан құлап қаза болды

Астанада "Триумфальный" ТК-де жөндеу жұмыстары барысында бір жұмысшы 6-шы қабаттан құлап кетіп, қаза болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы 6-қабаттан құлап қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада "Триумфальный" ТК-де жөндеу жұмыстары барысында бір жұмысшы 6-шы қабаттан құлап кетіп, қаза болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"14 желтоқсанда 09 с. 00 мин. Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылы, 13 мекен-жайында орналасқан жаңадан салынып жатқан "Триумфальный" тұрғын үй кешенінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары барысында "Ақмарал сәулет" ЖШС-нің арматурашысы 1991 жылы туған Жұмабеков А. есімді азамат 6-шы қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны