05.01.2012, 12:08 3364

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Астана қаласының "Алматы" ауданында 4-ші қаңтардан 5-ші қаңтарға қараған түні Жұмабаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің 4-қабатындағы лифтіден шыққан.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласының "Алматы" ауданында 4-ші қаңтардан 5-ші қаңтарға қараған түні Жұмабаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің 4-қабатындағы лифтіден шыққан.

Өрт сағат 3.57 кеткенде сөндірілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД 27 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы жұмылдырылды.

50 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиға болған жерде 56 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны