27.12.2011, 11:18 3241

Астананың су құбырында болған апат салдарынан 14 тұрғын үй сусыз қалды

Апат Кеше Астана қаласының "Сарыарқа" ауданында сағат 13.00 ескіріп, шіріген су құбырының 300 милиметрдей жерінің жарылуы салдарынан орын алған.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астананың су құбырында болған апат салдарынан 14 тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат Кеше Астана қаласының "Сарыарқа" ауданында сағат 13.00 ескіріп, шіріген су құбырының 300 милиметрдей жерінің жарылуы салдарынан орын алған.

Соның салдарынан Затаевич көшесінің № 3/2, 12, 16, 8/1, 10,1 үйлері мен Р.Люксембург көшесінің № 2-4, үйлері сусыз қалды. Кешке жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлер қайтадан толықтай сумен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдайды қалпына келтіруге "Астана су арнасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының апаттан құтқару бригадасының 8 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны