15.02.2007, 10:49 3020

Атырау облысында сауда-саттық және көңіл көтеру орталығында өрт шығу салдарынан 360 адам шығарылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Атырау облысында сауда-саттық және көңіл көтеру орталығында өрт шығу салдарынан 360 адам шығарылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Атыраудағы "Ардагер" агроөнеркәсіптік қаржылық корпорациясы ЖШС -нің сауда-саттық және көңіл көтеру орталығында 14-ақпанда 19 сағат 30 минутта екінші қабаттағы бумен шабыну орнында 6 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты.

Өрт 20 сағат 30 минутта шоғырландырылып, 20 сағат 44 минутта сөндірілді. Бұл жұмысқа ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 48 адамы мен 7 техникасы қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны