13.01.2010, 16:19 3051

Атырауда мұнай өңдеу зауытының бір цехында өрт шықты

Атырауда мұнай өңдеу зауытының бір цехында өрт шықты

Атырау. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырауда мұнай өңдеу зауытының бір цехында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, өрт №5 цехта шыққан, онда мұнай коксын өндіру қондырғысы орнатылған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны