25.04.2023, 11:38 41726

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына айып тағылды

Данбайға билікті асыра пайдалану туралы төрт эпизод бойынша айып тағылды
Атырау. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорының ісі сотта қаралып жатыр.

Атыраудағы №2 сотта мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының төрт эпизодымен айып тағылған.

Тергеу мәліметтері бойынша, бұрынғы бас директордың бұйрығымен комиссия құрылған. Бұл комиссия мұнайды терең өңдеу кешенінің нысанын ақаулы құрылғысы және орындалмаған жұмыс көлемі бола тұра қабылдау актісін жасақтаған. Бас директор қабылдау актісі негізге алып, анықталған ақауларға қарамастан, кешен нысанын пайдалануға беру туралы бұйрыққа қол қойған.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Әбіловтың айтуынша, мәселе F-0101, F-0102, F-0103, F-0104 сүзгілері және каталитикалық крекинг қондырғысының F-0201 сепараторына қатысты туындаған. "АМӨЗ" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры суспензияның массалық үлесін төмендетуге арналған каталитикалық крекинг қондырғысының орнатылған сүзгілері мен F-0201 суспензия сепараторының жұмыс істемейтінін білген. Бірақ, кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қабылдамаған.

Шарттың талаптарына сәйкес жабдықты орнатушы барлық ақауларды, зақымдарды және барлық залалды өз есебінен жоюға міндет болған. Бірақ, жұмыс істемейтін және ақауы бар жабдықтар үшін 728 607 855 теңге мөлшерінде соманы ұстап қалу бойынша шаралар қолданылмаған.

Прокуратура өкілі айыпталушыға 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Осы қылмыстық істің тағы бір айыпталушысы зауыттың мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысын 3 жыл 6 айға бас бостандығыан айыру ұсынылды.

Соттың кезекті сот отырысы 17 мамыр өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Данбайға Атырау МӨЗ қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін Шухрат Данбай Павлодар мұнай-химия зауытын басқарған кезде жермен алаяқтық жасағаны үшін сотталған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны