20.09.2011, 12:25 3405

Балалар үйінің тәрбиеленушісі 6 жасар баланы өлтіргендігін мойындады

Алматы облысында балалар үйіндегі 6 жастағы сәбиді өлтірген күдікті анықталған.. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, өлімге сол жердегі 10 жастағы тәрбиеленуші себепкер болған.

Алматы. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Балалар үйінің тәрбиеленушісі 6 жасар баланы өлтіргендігін мойындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК теле арнасының хабарлауынша, Алматы облысында балалар үйіндегі 6 жастағы сәбиді өлтірген күдікті анықталған.. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, өлімге сол жердегі 10 жастағы тәрбиеленуші себепкер болған.

Естеріңізге сала кетсек, кішкентай баланың денесі осыдан бірнеше күн бұрын төсегінен табылған болатын. Полиция қызметкерлері марқұмды әлдекім тұншықтырып өлтіруі мүмкін деген болжам жасаған. Бірнеше күндік тергеу жұмыстарынан кейін 10 жастағы күдікті де анықталған. Дегенмен ол кәмелет жасына толмағандықтан, қылмыстық іс жабылып қалуы мүмкін. Ал күдіктінің өзі кінәсін жартылай мойынына алған.

"Осы балалар үйінің тәрбиеленушісі, кәмелет жасқа толмаған Қабырбаева. Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз", - деп мәлім етті Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет,

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны