10.06.2013, 10:02 2939

Балқашта 3 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті

Тәртіп сақшылары ата-аналарды баланың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бөлмені желдетер кезде балаларды басқа бөлмеге шығару керек, егер ондай мүмкіндік болмаса оларды жалғыз тастамау қажет дейді полицейлер.

Балқаш. 10-маусым. Kazakhstan Today - 8-ші маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласында үш жастағы бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, түрлі жарақат алған қыз бала қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Полицияның хабарлауынша, бұл факті бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды баланың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бөлмені желдетер кезде балаларды басқа бөлмеге шығару керек, егер ондай мүмкіндік болмаса оларды жалғыз тастамау қажет дейді полицейлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны