09.09.2009, 10:01 1385

Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды - ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды - ҚР ТЖМ

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаев ауылының маңында кеше жергілікті тұрғындар артиллериялық снаряд тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қыркүйекте сағат 16.39-да жергілікті тұрғындар ұзындығы 32 сантиметр, диаметрі - 7 сантиметрлік артиллериялық снаряд тауып алды", - делінген ТЖМ хабарламасында. Оқиға орнын АІІБ қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше қоршауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны