23.04.2012, 15:22 3111

БАИ қонақ үйлердің бірінде бес жасар қазақстандық бала мерт болды

Қайғылы оқиға Шарджа қаласындағы Radisson қонақ үйінде сағат таңғы 9 шамасында болған. Қайтыс болған бала мен оның отбасы Қазақстаннан демалу үшін келген. Полицияның берген мәліметтеріне сүйенсек, үлкендердің қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Шарджа. 23-сәуір. Kazakhstan Today - БАИ қонақ үйлердің бірінде абайсызда терезеден құлап кеткен бес жасар қазақстандық бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қайғылы оқиға Шарджа қаласындағы Radisson қонақ үйінде сағат таңғы 9 шамасында болған. Қайтыс болған бала мен оның отбасы Қазақстаннан демалу үшін келген. Полицияның берген мәліметтеріне сүйенсек, үлкендердің қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, дегенмен дәрігерлер баланың өміріне араша бола алмады. Қонақ үй басшылығының айтуынша, қонақ үй қызметшілер басшылыққа дереу хабар берген және де қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

"Біз баланың ата-анасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз",- деп айтылған басшылық тарапынан жасалған мәлімдемеде.

Қайтыс болған баланың ата-аналары елшілікпен хабарласып, баланың денесін алуды күтіп отыр.

Қонақ үй желісінің ресми өкілінің хабарлауынша, аталмыш отбасы оқиға болған қонақ үйден шығып, Дубайдағы басқа қонақ үйге орналастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны