19.01.2012, 14:23 3201

БҚО жолда қалып қойған 11 адам қар құрсауынан құтқарылды

17 қаңтар күні БҚО ТЖ департаментіне Шыңғырлау ауданы аумағында Самара-Шымкент трассаның 506-шақырымында боран кесірінен "Ақтөбе-Орал" бағытындағы "Икарус" автобусы тұрып қалды деген ақпарат келіп түскен.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - БҚО жолда қалып қойған 11 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қаңтар күні БҚО ТЖ департаментіне Шыңғырлау ауданы аумағында Самара-Шымкент трассаның 506-шақырымында боран кесірінен "Ақтөбе-Орал" бағытындағы "Икарус" автобусы тұрып қалды деген ақпарат келіп түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, орын алған оқиға Сырым ауданы аумағына жақын болғандықтан, қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқаруға Сырым ауданы әкімдігінің "ПАЗ" автобусымен аудандық ТЖ бөлімінің бастығы шықты. Облыс орталығынан БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ мамандандырылған жасағының "Урал-4320" өту қабілеті жоғары автокөлігімен 3 қызметкері, жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы "КамАЗ" автокөлігімен жіберілді, сонымен қатар жолды аршу үшін "Қазавтодор" РМК-ның 6 техникасы тартылды.

Барлық 11 жолаушы департамент күшімен "Урал" автокөлігімен Орал қаласына жеткізілді.

"Қазгидромет" осы күндері өңірде жылдамдығы 15-20 м/с дейін оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейетіні туралы хабарлады. Осыған орай БҚО ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарына қысқы күні ауа райының өзгерістерін барлап, елді мекендерден тыс жерлерге сапарды ыңғайлы уақытқа қалдыру керектігін тағы да ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны