02.08.2023, 12:39 21821

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО-дағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы адам шығыны орын алған жазатайым оқиғаны тергеу үшін облыстың мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Жазатайым оқиға 2023 жылдың 1 тамызында "EMC Agro" ЖШС-де болды.

Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер шошқа кешенінің аумағынан шықпағанын анықтады. Оларды іздеу барысында шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны