05.07.2007, 17:54 3289

Екібастұзда 14 жасар қыз өзін-өзі өлтірді

ПАВЛОДАР. 5-шілде. Kazakhstan Today. Екібастұзда 14 жасар қыз өзін-өзі өлтірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлолар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сыныпта оқитын қыз өткен сәрсенбі күні анасымен, өгей әкесімен және бауырымен бірге өзі тұрған үйдің балконында буынып өлген. "Қазіргі жағдаймен қыздың ата-анасынан жауап алынды, "өгей әке мен өгей қыз арасындағы жаман қарым-қатынастың" кесірі болуы мүмкін деген жорамал сот-медициналық сараптама қорытындысы, жақандары мен туыстары арасындағы сұрақтардан кейін бірден жоққа шығарылды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, қыз ешқашан психдиспансерде тіркеуде тұрмаған, жүйке ауруларымен ауырмаған. Сот-медициналық сарапшылар қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілерін тапқан жоқ. "Қыздың анасының мәлімдеуінше, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол қызына туыстарына барып демалып қайтуға рұқсат бермеген, 3 жасар ұлды бағатын ешкім болмағандықтан жібере алмаған", - дейді полицейлер. Тергеушілер дәл осы оқиға қызды өзін-өзі өлтіруге итермелеуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл 2007-жылдың басынан бері өңірде болған 8-ші өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны