06.09.2011, 13:01 3313

Екібастұздағы ауруханалардың бірінде болған өрт салдарынан 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Белгілі болғандай, өрт жеке тұрған 5 қабатты емхана ғимаратының жөртелесіндегі матрастар мен қуат беретін кабельдердің жануынан болған.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Екібастұздағы ауруханалардың бірінде болған өрт салдарынан 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, дүйсенбі күні Павлодар облысы Екібастұз қаласының №2 емханасы өртеніп, адамдар қауіпсіз жерге шығарылған.

Белгілі болғандай, өрт жеке тұрған 5 қабатты емхана ғимаратының жөртелесіндегі матрастар мен қуат беретін кабельдердің жануынан болған.

Өрт орнынан 120 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің сегіз адамы мен үш техникасы 4 шаршы метр аумақты шарпыған жалында тоғыз минуттың ішінде тоқтатып, 23 минутта толығымен жойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны