15.05.2012, 10:24 2794

Ел аймақтарында үш адам суға батып кетті, олардың арасында 11 жасар бала бар

Сол күні Ақтөбедегі Елек өзенінде 25 жасар жігіт су астына кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ-нің Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы және 2 техника бірлігінің күшімен шығарды.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Ел аймақтарында үш адам суға батып кетті, олардың арасында 11 жасар бала бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі, 14 мамыр күні Талдықорған қаласында 11 жастағы бала абайсызда Қаратал өзеніне құлап, суға батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша су-құтқару қызметінің жеке құрамының 4 адамы және 2 техникасының көмегімен шығарылды.

Сол күні Ақтөбедегі Елек өзенінде 25 жасар жігіт су астына кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ-нің Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы және 2 техника бірлігінің күшімен шығарды.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Бұлақ ауылында жасанды қазаншұңқырда шомылып жатқанда 17 жасар бозбала суға батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ-нің Солтүстік Қазақстан облысындағы ТЖД-нің су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны