24.09.2021, 20:28 14666
Эльбруста мерт болған альпинистердің саны бес адамға жетті
Достарға айту
Өкінішке қарай, бес адамның мәйіті табылды", - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ол іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 14 адамды төменге алып түсіп, дәрігерлерге бергендерін атап өтті.
Барлық 14 адам апат медицинасы және жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне берілді. Оның ішінде 11-і Нальчик қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартты", - деді ол.
Құтқарушылар екі адамды құтқарамыз деп ойлап еді, бірақ, өкінішке қарай, олар барған кезде екі адам көз жұмған екен. "Гара-Баши" стансасында, 3900 метр биіктікте апат медицинасы дәрігерлері олардың қайтыс болғанын анықтады", - деді ол.
Бұған дейін үш адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2026, 17:10 60096
Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті
Достарға айту
Алматы облысында автокөлік жардан құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 22:56 183276
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: алты адам медициналық көмекке жүгінді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Семей қаласындағы Шұғаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілді. Дәрігерлерге жүгінгендердің ішінде үшеуі ересек, үшеуі бала.
Екі ересек адам мен бір бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз бетінше кеткен. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жүгінбеген.
Бір науқас көмірқышқыл газынан улану диагнозымен нефрология орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тағы екі бала жеке көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта бұдан басқа медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпаратқа да түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:50 183506
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.
Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 09:03 185336
ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 11:49 238971
Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 08:04 238726
Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:32 243491
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Достарға айту
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі рейс кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 14:35 шамасында болған. №92 бағыттағы автобустың (борт нөмірі 2633) жүргізушісі - 1971 жылы туған Александр Степановтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар КАП-2 диспетчерлік қызметіне түскен.
Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне тоқтап тұрған сәтте болған. Жүргізушінің жағдайы аяқ астынан қиындаған. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басқан. Соның арқасында болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алған.
Жолаушылар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала диагноз - жедел миокард инфаркті.
Алматыэлектротранс" баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші сол күні таңғы 06:10-да міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Ал автобус 06:24-те техникалық байқаудан өткізілген. 25 қаңтар оның 2/2 жұмыс кестесіне сәйкес маршрутқа шыққан алғашқы жұмыс күні болған.
- Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері жетті. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шараларынан кейін көлік паркке жеткізілді, - делінген хабарламада.
Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде және еңбек өтілі барысында диспансерлік есепте тұрмаған. Отбасылық жағдайы - ажырасқан.
Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын және заңнама аясында отбасына көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 23:07 296376
Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті
Сурет: Department of Disaster Prevention and Mitigation of Bangkok
Достарға айту
Тайландта құрылыс кранының жолаушылар пойызының үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Тайландтың Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 қаңтардың кешіне қарай зардап шеккендердің жалпы саны 99 адамға жеткен. Оның ішінде 32 адам қаза тапқан, үш адам хабар-ошарсыз кеткен, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Бұған дейін 22 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жараланғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға болған сәтте пойызда барлығы 195 жолаушы болған.
BBC дерегінше, апат 14 қаңтар күні таңертең Тайландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима провинциясында болған. Кранның құлауы салдарынан пойыз рельстен шығып, артынша өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Корольдік билік апаттың себеп-салдарын анықтау үшін жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қайғылы оқиға Тайландтағы көлік қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Осыған дейін Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.05.2026, 12:49Астанада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
22.05.2026, 17:58 165666Астанада Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті22.05.2026, 14:10 165446Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады22.05.2026, 19:37 164941Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты22.05.2026, 10:26 157721Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды22.05.2026, 18:13 149436Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
29.04.2026, 15:15 383801Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 383621Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 383401Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті29.04.2026, 13:35 330831Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 289141Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

