15.06.2010, 12:37 3284

Елімізде өткен екі тәулікте төрт адам суға батып кетті

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Никельтау аулында 13-маусым күні 19.30 суға шомылып жүрген 50 жасар еркек батып кеткен. Оның денесін су астынан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері 14 маусым күні 10.00 алып шықты".

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Еліміздің аймақтарында өткен екі тәулікте төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Никельтау аулында 13-маусым күні 19.30 суға шомылып жүрген 50 жасар еркек батып кеткен. Оның денесін су астынан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері 14 маусым күні 10.00 алып шықты".

Сонымен қатар, ТЖМ мәліметтері бойынша, "ШҚО Зеленовский ауданының Асан елді-мекенінде 14 маусымда 14.56 Шаған өзеніне 50 жасар еркек батып кеткен. Оның денесін су астынан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері алып шықты"

Дәл осы күні "Қызылордада Сырдария өзеніне сағат 17.30 20 жасар жігіт батып кеткен. Оның денесін су астынан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері алып шықты",- деп хабарлайды ТЖМ.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ОҚО Сайрам ауданының Таскешу аулында 14 маусым күні 14.00 16 жасар жасөспірім суға батып кеткен. Оның денесін су астынан ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің қызметкерлері алып шықты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны