21.02.2011, 12:44 3633

Эстонияның бала бақшаларының бірінде болған өрт салдарынан 10 сәби мерт болды

Эстонияның бала бақшаларының бірінде болған өрт салдарынан 10 сәби мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Эстонияның бала бақшаларының бірінде болған өрт салдарынан 10 сәби мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Эстонияның Хаапсалу қаласындағы бала бақшада болған өрт он сәбидің өмірін қиған.

Жалынның басталғаны туралы ақпарат өрт сөндірушілерге жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-да келіп жеткен. Тілсіз жау ағаштан салынған ғимаратқа тез тарап, шатырдың жарты бөлігі құлап кеткен. Өрт сөндірушілер тек төрт жарым кезінде ғана жалынды ауыздықтап, жағдайды бақылауға алуға мүмкіндік туған.

Өрт басталған кезде бала бақша ішінде 37 бүлдіршін мен тоғыз ересек адам болған.

Тергеу тарапынан қайғылы оқиғаның не себепті болуы мүмкін екендігіне қатысты түсініктемелер кешігіп жатыр.

Белгілі болып отырғаны, осыдан екі жылдай уақыт бұрын ғимарат ішіндегі электр сымдары ауыстырылған еді. Өртке қарсы дабыл белгісі дер кезінде іске қосылған.

Эстония Президенті Хенрик Ильвес дүйсенбі күні ел бойынша мемлекеттік туды түсіруге шақырды. "Біз барлығымыз өрт құрбандарының отбасыларымен бірге қайғырып, көмек қолын созамыз", - делінген Президенттің мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны