24.05.2011, 13:51 3259

ІІМ Астанада орын алған көлік жарылысы лаңкестік оқиға емес екендігін хабарлады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 24 мамыры күні түнгі сағат 03.37-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына Шыңтас қиылысындағы №6 үйдің жанындағы ("ҚТЖ" АҚ Астана стансасы белгі беру және байланыс дистанциясы) алаңқай жерде жарылыс болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ басасөз қызметі хабарлап отыр.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - ІІМ Астанада орын алған көлік жарылысы лаңкестік оқиға емес екендігін хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 24 мамыры күні түнгі сағат 03.37-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына Шыңтас қиылысындағы №6 үйдің жанындағы ("ҚТЖ" АҚ Астана стансасы белгі беру және байланыс дистанциясы) алаңқай жерде жарылыс болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ басасөз қызметі хабарлап отыр.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнынан S 103 ТЕМ мемлекеттік нөмірі бар, 1991 жылы шығарылған, қызыл түсті "Ауди-100" маркалы атокөлікті, түр сипаты еуропалық белгісіз екі ер адамның денесін, Қырғызстан Республикасының тумасы, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында тұратын 20.12.1962 жылы туылған Дмитрий Юрьевич Кельплердің атына берілген жүргізуші куәлігі мен аң аулау билетін, Екібастұз қаласында тұратын, қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатқаны үшін, екі рет алаяқтық жасап, ұрлық жасағаны үшін істі болған 08.02.1985 жылы туылған Иван Александрович Черемухинның атына берілген ҚР азаматының төлқұжатын және сынық күйіндегі "Сони-Эриксон" маркалы ұялы телефонын тапты.

Оқиға орнын қарау барысы көрсеткендей, жарылыс "ҚТЖ" АҚ өнірістік нысандары мен тұрғын үйлердің жақын маңындағы алаңқай жерде тұрған автокөлік ішінде болған. Жарылыс салдарынан "ҚТЖ" АҚ автокөліктері зардап шеккен жоқ, жарылыс толқыны жақын жердегі ғимараттардың терезелеріне ақау келтірген.

Алдын ала болжам бойынша тұлғалары анықталмаған екі адамның өліміне жарылғыш заттың өздігінен жарылып кетуі себеп болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайлар лаңкестік акт белгілерінің жоқ екенін дәлелдейді.

Жарылыс фактісі бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр, жарылыс-техникалық сараптамасы тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны