24.08.2012, 13:02 4360

Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы аумағындағы орман өрті сөндірілді

"Өртенген орынды тікұшақ арқылы бақылаған соң, негізгі өрт ошақтары сөндірілгені анықталды. Кейбір жерлер әлі жанып жатыр, жалын негізінде Мохнатка тауының солтүстік-шығыс бөлігінде 1500-1800 метрге созылып жатыр. Жанып кеткен аумақ 21 гектарды құрады", - делінген хабарламада.

Алматы. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы аумағындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мохнатка тауындағы негізгі өрт ошақтары сөндірілді, алайда кейбір жерлер әлі жанып жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өртенген орынды тікұшақ арқылы бақылаған соң, негізгі өрт ошақтары сөндірілгені анықталды. Кейбір жерлер әлі жанып жатыр, жалын негізінде Мохнатка тауының солтүстік-шығыс бөлігінде 1500-1800 метрге созылып жатыр. Жанып кеткен аумақ 21 гектарды құрады", - делінген хабарламада.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.Смаиловтың басқаруымен өрт сөндіру штабы күні-түні жұмыс істеуде. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Б.Құтпанов бастаған ведомствоның барлық қызметкері тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге қазір 382 адам, 62 техника, соның ішінде 5 тікұшақ тартылып отыр. Тағы 328 адам резервте тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны