21.09.2009, 09:14 1635

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" цехында бір жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" цехында бір жұмысшы қаза тапты

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" цехында бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның №2 кокс цехында болған. "№3 мұнараның секциясын тазалау кезінде 19 қыркүйекте сағат 21.10-да опырылып түскен көмір концентраты жұмысшыны басып қалды", - деп хабарладйы баспасөз қызметі. Жарақат салдарынан 43 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сол күні Теміртаудағы Привокзальная көшесінде "Теміртау электрометаллургиялық комбинаты" ЖШС аумағында сағат 16.10-да құрылыс жұмыстары кезінде 26 жастағы кірпіш жинаушы жігіт тоғыз метр биіктіктен құлап, мерт болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны