14.10.2010, 12:06 3294

Қарағанды облысында болған көлік апатынан 11 адам қаза тапты

Қарағанды облысының Шет ауданында, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 927-нші шақырымында 13-қазан күні сағат 17.40 Балқаш-Қарағанды бағытына бет алған 7 жолаушысы бар "Мерседес" және 24 жолаушысы бар Теміртау - Балқаш бағытына жол тартқан "Сетра" жолаушылар автобустары мен екі КамАЗ жүк көліктері соғылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Шет ауданында, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 927-нші шақырымында 13-қазан күні сағат 17.40 Балқаш-Қарағанды бағытына бет алған 7 жолаушысы бар "Мерседес" және 24 жолаушысы бар Теміртау - Балқаш бағытына жол тартқан "Сетра" жолаушылар автобустары мен екі КамАЗ жүк көліктері соғылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, жол апатының салдарынан екі автобус пен КамАЗ көлігінің бірі өртеніп кеткен. КамАЗ-дың жүргізушісі мен "Мерседес" автобусының 10 жолаушысы оқиға орнында мерт болып, оның жеті жолаушысы ауруханаа жеткізілген.

"Зардап шеккендердің барлығы Өзбекстан азаматтары, олардың аты-жөндері анықталуда",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны