20.05.2010, 09:59 1348

Қарағанды облысында "Қазақмыстың" химиялық реагенттер қоймасында шыққан өрттен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысында "Қазақмыстың" химиялық реагенттер қоймасында шыққан өрттен екі адам зардап шекті

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентіндегі "Қазақмыстың" химиялық реагенттер қоймасында шыққан өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 19.10-да "Қазақмыс" корпорациясының "Қарағандыцветмет" өндірістік бірлестігі кен байыту фабрикасындағы химиялық реагенттер қоймасында өрт шықты".

ТЖМ хабарламасына сәйкес, "өрт шыққан жерден реагент тиеуші 43 және 39 жастағы әйелдер көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды".

ТЖМ мәліметінше, "қоймада 36 тонна ксантоагенат, 10 тонна Т-80, 8 тонна метилизобутилді кетон (МИБК) сақталған. Өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт тек 11 сағаттан кейін ғана ауыздықталды. "Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 9 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 26 адамының күшімен 06 сағат 01 минутта сөндірілді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны