28.06.2012, 11:06 2978

Қарағанды облысында мұнай базасы өртенді, үш жасөспірімді күйік шалды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі, 27 маусым күні Қарағанды облысындағы Шоқай теміржол стансысында жұмыс істемей тұрған мұнай базасында насостың бөлшектері мен ашық алаңдағы шөп өртене бастады.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында мұнай базасы өртенді, үш жасөспірімді күйік шалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі, 27 маусым күні Қарағанды облысындағы Шоқай теміржол стансысында жұмыс істемей тұрған мұнай базасында насостың бөлшектері мен ашық алаңдағы шөп өртене бастады.

Өрт аумағы 190 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан күйік жарақаттарын алған 1998, 1996 және 1994 жылғы үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны