25.01.2012, 13:19 3252

Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні өз көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды

Қарағанды облысы Ағадыр ауылында 45 жасар Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні өз көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Күдікті соғып кеткен әйелді даладағы қатты аязға қарамастан оқиға орнында тастап кеткен.

Қарағанды. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні өз көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Ағадыр ауылында 45 жасар Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні өз көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Күдікті соғып кеткен әйелді даладағы қатты аязға қарамастан оқиға орнында тастап кеткен.

"22 қаңтар күні сағат 02.00 шамасында Шет ауданы Ағадыр ауылындағы банк ғимараты маңында осы ауылдың тұрғыны болып табылатын 45 жасар әйел адамның мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, ол ЖКО салдарына ұқсас ішкі органдары мен сүйектеріне зақым келу нәтижесінде қаза болған",- деп айтылған баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Шұғыл-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері осы ауылда тұратын 28 жасар жігітті қолға түсірді. Белгілі болғандай, ол "ВАЗ-2121" автокөлігінде әйелді қағып кетіп, ЖКО орнынан қашып кеткен.

Аталған жол-көлік оқиғасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны