10.09.2009, 10:07 1440

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен BMW көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен BMW көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен BMW көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында Сәтпаев - Жезқазған тас жолының 3-ші шақырымында 9 қыркүйекте сағат 19.10-да №1 бағытта қатынайтын "НефАЗ" автобусы мен BMW көлігінің соқтығысуы салдарынан 16 жасар бір жолаушы қаза тауып, жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Автобуста болған 20 жолаушы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны