29.09.2011, 12:19 3710

Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Бөрсеңгір ауылындағы орта мектепте өрт шықған.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Бөрсеңгір ауылындағы орта мектепте өрт шықған.

Өрт сәрсенбі күні кешкі сағат 8-де, №10-шы орта мектептің екінші қабатында орналасқан компьютерлік сыныпта басталған. Төтенше жағдай орнына дереу жеткен "СемсерӨрт сөндіруші" ЖШС өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жалынды 15 минуттың ішінде ауыздықтады.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны