07.04.2016, 16:23 6211

Қарағанды облысындағы оқу орталығында граната жарылып, штаб бастығы мен бір сарбаз зардап шекті

ҚР Ұлттық гвардиясыныӊ "Орталық" аймақтық командованиесініӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, төтенше оқиға 7 сәуір күні сағат 12-ніӊ шамасында Қарабас кентінде орналасқан 5451 әскери бөліміндегі біріктірілген оқу орталығында, жауынгерлік граната лақтыру жаттығулары кезінде орын алған

Қарағанды. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы Қарабас кентініӊ оқу орталығында гранатаныӊ жарылуы салдарынан штаб бастығы мен бір сарбаз жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Ұлттық гвардиясыныӊ "Орталық" аймақтық командованиесініӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, төтенше оқиға 7 сәуір күні сағат 12-ніӊ шамасында Қарабас кентінде орналасқан 5451 әскери бөліміндегі біріктірілген оқу орталығында, жауынгерлік граната лақтыру жаттығулары кезінде орын алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"2-ші атқыштар батальоны 3-ші атқыштар ротасыныӊ 1 взводы 1-ші бөлімшесініӊ сарбазы (пулеметші), қатардағы жауынгер Абзал Сұлтанқұлов лақтырған РГД-5 гранатасы окопқа түсіп, жарылып кеткен. Тап осы шақта штаб бастығы - ҚР Ұлттық гвардиясыныӊ "Орталық" аймақтық командованиесіндегі 6505 әскери бөлімі командирініӊ орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов қатардағы жауынгерді өз денесімен жапқан. Зардап шеккен екі адам кезекші медициналық қызметкердіӊ бірге еруімен санитарлық көлікпен Абай қаласыныӊ Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

"Орталық" аймақтық командованиесініӊ баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, зардап шеккен екі адам жеӊіл жарқыншақ тиген жарақаттар алды. Дәрігерлер олардыӊ жағдайын қанағаттанарлық, тұрақты деп бағалап отыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соӊ, оларға амбулаторлық емдеу тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны