05.02.2010, 10:05 1337

Қарағанды және Атырау облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Қарағанды және Атырау облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды және Атырау облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ТЖМ мәліметінше, кеше Атырау облысының Махамбет ауданында Алмалы кентіндегі бір үйде 80 шаршы метр аумақта өрт шықты. Сағат 09.34-те өртті сөндірген кезде 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті сағат 10.30-да жергілікті тұрғындар сөндірді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында есіл көшесіндегі жер үйде 4 ақпанда сағат 21.32-де 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 37 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 15 адамының күшімен 22 сағат 35 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны