29.07.2013, 17:39 5880

Қарағандыда ер адам өзін өзі өртеп жіберді

Қарағандыда 55 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 29-шілде. Kazakhstan Today - Қарағандыда ер адам өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда 55 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"29 шілде күні таңертең Қарағандыда Көшубаев көшесінің бойында ЖШС-нің бірінің жұмысшысы, 55 жастағы ер адамның күйіп қалған мәйіті табылды. Оқиғаны көзбен көргендердің сөзіне қарағанда, өзін өртеп жіберердің алдында ер адам канистрдегі бензинді үстіне құйып қана қоймай, ішкен", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оның өз өзіне қол жұмсауына жұмыс істеген ЖШС аумағындағы газ баллондарын ұрлау фактісі бойынша зардап шегушіге қатысты қылмыстық істің қозғалуы себеп болған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны