09.02.2012, 17:04 3573

Қарағандыда полиция бөлімшесінде өрт шықты

Сағат 13.24 Қарағанды облысы ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-нің "101" пультіне Қарағанды облысы ІІД Киров полиция бөлімінің ғимаратында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы ІІД Киров полиция бөлімшесінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 13.24 Қарағанды облысы ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-нің "101" пультіне Қарағанды облысы ІІД Киров полиция бөлімінің ғимаратында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

"Жалпы көлемі 20 шаршы метрді құрайтын 1 қабаттағы дәліздің, терезе және есік блоктарының қаптама қабырғалары,жиһаздар мен ұйымдастыру техникасы өртенген. Өрт сөндіру барысында 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деп айтылған таратылған хабарламада. Өрт сағат 14.14 минутта сөндірілді.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны