19.07.2006, 16:03 2770

Қарағандыда жол апаты салдарынан 6 адам жарақаттанды, оның біреуі сол жерде қаза тапты

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыда жол апатынан алты адам жарақаттанып, біреуі көз жұмды. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар Министрлігі баспасөз-қызметі хабарлайды.

Оқыс оқиға 18 шілдеде тіркелді. 5 үлгідегі «ВАЗ» автокөлігі мен «Фольксваген» Голубые пруды ықшам ауданында жанармай бекетіне қарама қарсы бетте қақтығысқан. Апат салдарынан «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Араларында 9 жасар қыз бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны