13.10.2011, 10:43 3429

Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан бір адам қаза тапты

13 қазан күні сағат 00.22 Қарағанды қаласының 16 шағын ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.

Астана. 13-қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қазан күні сағат 00.22 Қарағанды қаласының 16 шағын ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.

Үйдің жертөлесінен шыққан өртті ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 5 техникасы бір сағат он тоғыз минутта сөндірді. Оқиға орнынан 15 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Төрт шаршы метр аумақты шарпыған жалынмен күрес барысында құтқарушылар бір әйелдің денесін тапты. Қазір оның кім екендігі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны