23.02.2012, 16:51 2817

Кашмир тауларында көшкін салдарынан үнділік тоғыз сарбаз қайтыс болды

Кашмир облысының үнділік бөліктегі тауларда көшкін салдарынан тоғыз үнді сарбазы қайтыс болып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы бүгін елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Кашмир тауларында көшкін салдарынан үнділік тоғыз сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Кашмир облысының үнділік бөліктегі тауларда көшкін салдарынан тоғыз үнді сарбазы қайтыс болып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы бүгін елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

Көшкін әскери базалар орналасқан Кашмирді үнділік бөлікті пәкістандық бөліктен бөліп жататын шекара маңындағы Давар мен Сонамаргте болған.

Қар астынан үнді армиясының 15 сарбазы құтқарылғаны мәлімделді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны