30.01.2007, 16:28 3009

Қазақстан шекарашылары 14 тонна қара металл контрабандасының жолын кесті

АЛМАТЫ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан шекарашылары республика аумағына 14 тонна қара металлдың заңсыз кіруінің жолын кесті, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Көкпақ" күзітінің шекарашылары Өзбекстаннан Қазақстанға бет алып, шекара бақылау пунктін айналып өтпек боған "ГАЗ-53" жүк көлігін ұстады. Жүк көлігіне 4 тонна қара металл тиелген.

Осы тектес жүк көршілес "Ынтымақ" күзетінің аумағында құрықталып, тәркіленді. "Бұл жолы шекара қызметкерлері 6 тонна контрабандалық қара металл артқан "КамАЗ" жүк көлігін ұстады",- деп хабарлады Шекара қызметінен.

Тағы 4 тонна қара металл контрабандасының жолын "Атакент" күзетінің шекарашылары кескен. Аталмыш дерек бойынша металл тиелген "ЗиЛ-130" жүк көлігімен өткізу пунктін айналып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны