18.09.2007, 10:35 1512

Қазақстанда екі жол апатынан жеті адам қаза тауып, басым бөлігі жасөспірімдерден тұратын тағы он төрт адам жараланды

Қазақстанда екі жол апатынан жеті адам қаза тауып, басым бөлігі жасөспірімдерден тұратын тағы он төрт адам жараланды.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда екі жол апатынан жеті адам қаза тауып, басым бөлігі жасөспірімдерден тұратын тағы он төрт адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Бір апат Қарағанды облысында болды : дүйсенбі күні кешке Қызылорда - Павлодар тас жолының 620-шы шақырымында жүргізуші жолаушылар тасымалдайтын "Фольксваген" автобусын аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жасөспірім жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы он жолаушы, соның ішінде тоғыз жасөспірім түрлі жарақаттармен Жайрем ауылының ауруханасына жеткізілді.

Тағы бір жол апаты Ақтөбе облысында болды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе - Мәртөк тас жолының 10-шы шақырымында дүйсенбі күні кешке "Москвич-412" және "Опель" көліктері соқтығысты. Жарақат салдарынан "Москвич" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. "Опель" жүргізушісі мен тағы үш жолаушы, соның ішінде бір жасар бала ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны