20.12.2006, 17:27 2757

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айлары аралығында есірткіге байланысты 9 мыңнан астам қылмыс анықталған

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың 11 айында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 9117 қылмыс анықталған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай уақытындағы көрсеткіштерден 7,8 пайызға артық. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің бөлім бастығы Иван Добрышев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Есірткі саудасына байланысты қылмыстарды жасағаны үшін 8661 қылмыскер құрықталған, олардың 290-ы шетел азаматтары болып табылады",- деді И.Добрышев.

Сонымен қатар, ол өткен кезеңдегі есірткі заттарын алу және сақтауға байланысты құқық бұзушылықтары үшін 2153 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, олардың 107-сі кәмелеттік жасқа толмағандар екендігін айтып өтті. "Осы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл 6,4 млн. теңгеден асып түсті", -деп хабарлайды комитет қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны