16.01.2008, 10:24 1435

Қазақстанда оқыс оқиғалардан 12 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 5 бала зардап шекті

Қазақстанда оқыс оқиғалардан 12 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 5 бала зардап шекті

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда оқыс оқиғалардан 12 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 5 бала зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 15 қаңтарда Ақтөбеде "Эко" бақша шаруашылығы ұжымына қарасты үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шықты. Соның салдарынан үйде тұратын 4 адам, соның ішінде 2 бала уланып, ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының Орманшы ауылында жай үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шығу салдарынан газды-ауалы қоспа жарылып, соның салдарынан 28 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. Өрттен 5 адам, соның ішінде екі бала күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

"Үй конструкциясы бүлінген жоқ, терезе әйнектері сынды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 19 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді", -деп хабарлайды ТЖМ.

15 қаңтарда Маңғыстау облысының Жетібай ауылында 2 пәтерлі үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шығу салдарынан үйде тұратын 3 тұрғын мен бір бала уланып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны